Өлең, жыр, ақындар

Кетсем алып...

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1886
Сағынған күнін санап асқан айдың,
Ұлыңда жоқ өзіңнен басқа уайым.
Жүрсем де жұмыр жердің қай шетінде,
Ойымнан сені екі елі тастамаймын.
Көргенде қариялар қауқылдасып,
Тұрады дос құшақтар ауқымдасып.
Мен саған, өскен өңір, келіп жүрем,
Көл-көсір көңілімнің мауқын басып.
Жатса да қарсы алдымда мың сан айдын,
Оларға күшімді онша жұмсамаймын.
Өзіңе қайта оралар шағымды ойлап,
Тағы да сол баяғы күн санаймын.
Арманды сенен басқа шетке қағып,
Бұл жырды отырғам жоқ, текке жазып.
Жұбаныш сағынышыма болар ма екен,
Бір уыс топырағыңды кетсем алып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұшқан ұям

  • 0
  • 0

Орыны бар маған артар өкпенің,
Көптен бері келмеппін ғой, мектебім!
Бірақ бейнең көз алдымда тұрады,
Білім нәрін алып, сенен көктедім.

Толық

Жылжиды жылдар...

  • 0
  • 0

Қызарады Күн ұяға батарда,
Нұрланады төңірек таң атарда.
Табиғатта сақталғанмен заңдылық,
Адам бірден кіре алмайды қатарға.

Толық

Маңғыстау

  • 0
  • 1

Бұрын өңсіз жон еді бұл аралар,
Бүгін бос жер таппайсың сына қағар.
Жер төсіне қадалған темір діңгек,
Айдала самсап тұр мұнаралар.

Толық

Қарап көріңіз