Өлең, жыр, ақындар

Көгеріп сенсіз гүлдей, көктемеймін

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 253
Көгеріп сенсіз гүлдей, көктемеймін,
Жет мейлің, қадіріме жетпе мейлің.
Өзге емес, не істесең де, сен өзімсің,
Өзіме, айтшы, қалай өкпелеймін?..
Тоқтайды тоқта десе кімге уақыт,
Кішкентай көкірегімнен күн жаратып.
Көзсіз шын ғашық болып мен өзіңе,
Жыр жазам, бақытымнан мұңға батып.
Жалындап жан-жүрегім жанады бір,
Оятып өмірімді жаңа дүбір.
Ойлардың жол таба алмай орманынан
Адассам, құшағына алады жыр.
Шыдаймын, бәріне де шыдағанмын,
Бейнесін көру үшін шын адамның.
Жалынып, жылап саған, жалбарынып,
Келмейді сезіміңді сұрап алғым.
Өмірге еркелеймін, жыр жазайын,
Сыр төгіп самал желмен ырғалайын.
Гүліңе басын иген шалқая бер,
Шалқайып аспанымнан туған айым!..
Сезімді ауыстырсаң кекке, мейлің,
Мен сендік қиялымды шектемеймін.
Өртіне өртенермін жүрегімнің,
Жүрекке, айтшы, қалай өкпелеймін?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреуге болса жан қайғы

  • 0
  • 0

Біреуге болса жан қайғы,
біреуге болар мал қайғы,
Мың құбылған түлкі өмір,
көзді тартып алдайды.

Толық

Шақырасың, бастайсың қайда мені

  • 0
  • 0

Шақырасың, бастайсың қайда мені,
Қарай берем сен барда айға әдемі.
Ұмыт болған салады ойға нені
Түнгі қырдың торғындай майда лебі.

Толық

Алдадың... оңашаға алып қаштың

  • 0
  • 0

Алдадың... оңашаға алып қаштың,
Күн іздеп арасынан жарық тастың.
Кешпеймін, есім барда кеше алмаймын,
Бақытты етіп сені жарытпаспын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар