Өлең, жыр, ақындар

Көп күттірген сағынышым аңсаған

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 230
Көп күттірген сағынышым аңсаған,
Өз алдыңда өлең оқып, ән салам.
Аман-есен көргеніме қуанып,
Мен өзіңді жыл келгендей қарсы алам.
Ойламашы есі ауысқан екен деп,
Жазар мені жүрегімнін, оты емдеп.
Онсыз-дағы қысқа өмірді қысқартып,
Сағатыңа қарамашы кетем деп...
Асықпашы, болмас, жаным, жол шегі,
Жол шегінде өмірдің тұр өлшемі.
Жүрегі бар жігіт таппай өмірден,
Тұңғыш рет көргендеймін мен сені.
Көп күттірген сағынышым сарылып,
Әйелдегі махаббаттың бәрі үміт.
Жабырқатып жасымды сен сұрама,
Сүйе алатын көңілде жоқ кәрілік...
Жеткенше мен қателестім, от бастым,
Көңіліммен көп пендеге қақпа аштым?
Кешір, бірақ өзіңдегі өзімді
Дүниені шыр айналсам таппаспын.
Таппаспын деп жүріп сені тапқан ем,
Арманымның алаулаған ақ таңы ең.
Қабағыңнан оқып бәрін отырмын,
Өзің үшін түсе жаздап отқа мен...
Нұрлы жүрек нұрлы ақыл, нұрлы үміт
Кірпіктерге жұлдыз – моншақ тұрды іліп.
Сені менше сүйген емес бір әйел,
Мені сенше сүйген емес бір жігіт...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлақтағы бесік

  • 0
  • 0

Су бетінде шайқалып, бесік ағып келеді,
Іңгәлаған өмірді есіне алып келеді.
Толқындарды бөбектей күн сәулесі емізіп,
Көлеңкесі бұлттардың басыма ауып келеді.

Толық

Қоғадай жүрген иіліп

  • 0
  • 0

Қоғадай жүрген иіліп,
Шалқайып қапты бір кісім,
Жолдарым жатыр түйіліп,
Қомданып, ұшпай жыр құсым.

Толық

Таралған бұғы мүйіз тау шынарым

  • 0
  • 0

Таралған бұғы мүйіз тау шынарым,
Тұр ма екен жапырағы тауысып әнін.
Көңілсіз кездерінде көгіңнен мен,
Өлеңмен таңғы шықтай тамшылармын.

Толық

Қарап көріңіз