Өлең, жыр, ақындар

Қайтсем екен?.. Іздеп бір барсам ба екен

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 461
Қайтсем екен?.. Іздеп бір барсам ба екен,
Бір көруді ол мендей аңсар ма екен?
Кездесуге, әйтеуір, себеп таппай,
Сары күздей санасы сарсаң ба екен?
Қайтсем екен, тезірек жетсем бе екен,
Бір көруді ол мендей көксер ме екен?
Жел шайқаған жүрегім жапырақтай
Тоңып тұр ғой, әйнегін шертсем бе екен?
Қайтсем екен, от болып жансам ба екен,
Тыныштығын беймезгіл алсам ба екен?
Көкірегін мекендеп көңіл құсым,
Мәңгі содан айнымай қалсам ба екен?
Қайтсем екен, япыр-ай, қайтсем екен,
Кездескенде мен оған не айтсам екен?
Осы болар тұйыққа тірелген жер,
Ойлардан бұл өршітпей, қайтсам ба екен?
Қайтсем екен, іздеп шын көрсем бе екен,
Өмір деген өтер тез, өлшеулі екен.
Тағдырымдай мойындап, қарсылықсыз
Дегеніне жүректің көнсем бе екен?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұл таңның бүлкілдеп

  • 0
  • 0

Бұлбұл таңның бүлкілдеп,
Үні оянып келеді.
Көкжиектің біртіндеп,
Күн оянып келеді.

Толық

Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп

  • 0
  • 0

Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп,
Тағат таусып, табанымнан сыз өтіп.
Түнгі көктен түні бойы бір жұлдыз
Жанатындай тереземді күзетіп...

Толық

Жалғыз қайық

  • 0
  • 0

Қамшылаған өкпек желдің өтінде
Жағалауға шағала боп жетуге
Жалғыз қайық келе жатыр қалтылдап
Көкшіл шәйі, бұйра толқын бетінде...

Толық

Қарап көріңіз