Өлең, жыр, ақындар

Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 315
Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп,
Болмас маған будан артық сый-құрмет.
– Айналайын амансың ба? – деп бірде,
Аға, менің маңдайымнан сүйдің кеп.
Арасынан шыққан күндей тұманның,
Сені көріп, көңіл еріп, жұбандым.
Ел ішінде жүріп жатқан елеусіз
Қарындасың болғаныма қуандым.
Сыйлағандай болдын сәби күлкімді,
Кеудемдегі жүрегім бір бұлқынды.
Өзгелерден дараланып, көзіме
Іріленіп бара жаттың бір түрлі...
Сүйдің мені ағалық бір шуақпен,
Шуағыңмен құдіретті ең, қуатты ең.
Сүйеп тұрып көкірегіңе басымды,
Бақытымнан алғым келді жылап мен...
Үнсіз күндер жұмбақ болып өтер көп,
Жана берсін арманымның оты өрлеп.
Қарамадым, құпиясын жанымның
Жанарымнан оқып алады екен деп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыздарға сыр ашқан

  • 0
  • 0

Жұлдыздарға сыр ашқан,
Қашып кетті түн жырақ.
Әрнені ойлап тұр аспан,
Сұп-сұр болып тұнжырап.

Толық

Табанымда топырақтың жүрегі

  • 0
  • 0

Табанымда топырақтың жүрегі,
Жанарымда жапырақтың жүрегі.
Туған жердің кеудесінде дүрсілдеп,
Менімен бірге өмір сүреді.

Толық

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға

  • 0
  • 0

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға,
Өткен күн айналғандай бәрі аңызға.
Қанша асу, қанша жылдар жатыр бөліп
Қамал боп екеуміздің арамызда.

Толық

Қарап көріңіз