Өлең, жыр, ақындар

Өзінді осы жерден көрген едім

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 290
Өзінді осы жерден көрген едім,
Өрмелеп тасым тұрған өрге менің.
Бақыттан бұлдыраған көздеріме
Теңселіп кетіп еді жер дегенің.
Қысылдым, еркін жүрер жол тарылып,
Тіреліп кірпігіме шалқар үміт.
Айрылған кемедей бір бағытынан
Тербеліп тұрып қалғам, аңтарылып.
Жұлдызым жанғандай көз қарасымда,
Айналып бара жаттың дара шыңға.
Бір түрлі күнәдан пәк хал кешіп ем,
Тұрғандай өң мен түстің арасында.
Сен болып әйнегіммен ай қараған,
(Ай мені байқаса да, байқамаған).
Жалт еткен жанарымнан, беу, дүние-ай,
Сол бір сәт соғар ма екен қайта маған?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ әні

  • 0
  • 0

Дариға-ай, дәрия ғой қазақ әні,
Әншіге айта алмаған жаза дағы.
Өткеннің әні дала,
Сол даланың

Толық

Домбыра шанақ жер деген

  • 0
  • 0

Домбыра шанақ жер деген,
Өрлеген, сазды пернеден.
Биікке қонып бұлбұл құс,
Әнімен көңіл тербеген...

Толық

Тіршіліктің сияқтанып жүрегі

  • 0
  • 0

Тіршіліктің сияқтанып жүрегі,
Күн нұрымен жүз құбылып реңі.
Күзгі желмен ұшпай, жерге ілініп,
Жалғыз жапырақ тал басында тұр еді.

Толық

Қарап көріңіз