Өлең, жыр, ақындар

Заман

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2771
Мына заман алағай да, бұлағай,
Өтіп жатыр жағдайымды сұрамай.
Тірлік қамы тұралатып жүрсе де,
Көңілімнің бүгінде тұр Абай!
«Жазғаныннан теңге түссе бір сәрі,
Осы күпі кетіп тұр, - деп, - жыр сәні».
Өлең сөздің киесінен қорықпай,
«Ақылгөйлер» маған кейде ұрсады.
Жөн еді ғой маңдай термен келсе құт,
He берсе де, еңбекке сай берсе құп.
Олай емес, олай емес өмірде,
Жатыр бәрі басқа жолмен өлшеніп.
Шын зиялы ар-намысты келеді,
Іс тындырса, тындырады келелі.
Өлермендер өтімді боп тұр қазір,
Ойлыларға құдай қашан береді.
Болашаққа жолдап өлең, жолдап ән,
Күні-түні мен тынымсыз толғанам.
Сарқылмайды қаламымның қуаты,
Дем береді, дем береді сол маған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білсең, досым...

  • 0
  • 0

Мейлі, тағдыр салып қалсын маңдайдан,
Мойымаймын, көмейімнен тамбайды ән.
Тұрмағанмен жер тiтipeп, оқ борап,
Өмір деген білсең, досым, қан майдан...

Толық

Балаға ұласқанда...

  • 0
  • 0

Мазаласа сағыныш жыры келіп,
Сөйлейді екен жылдар да сыры берік.
Орал. Шаған көшесі. Оныншы үйде,
Үш жас жігіт пәтерде тұрып едік.

Толық

Уақытты оздырып...

  • 0
  • 0

Өз күшіме сенер-сенбес боп жүріп,
Алыппын ғой уақытты оздырып.
Жырларым да ұсақталып барады,
Отбасы мен ошақ қасын сөз қылып.

Толық

Қарап көріңіз