Өлең, жыр, ақындар

Адамзатқа ортақ тіл

  • 04.11.2021
  • 0
  • 0
  • 460
Әннің тілі – адамзатқа ортақ тіл,
Жүрек шетін сұлу әуен қозғап тұр.
Жаннат өмір, тірі жұмақ орнайды,
Ғашық әуен кетсе назын толғап бір.
Күй дүбірі барша өнердің туындай,
Шабысын­ай өрге тартқан суынбай.
Тәттімбеттің «Көкейкесті» күйін тарт,
Шер қозғаған шұрқыраған құлындай.
Төкпелетші Құрманғазы «Серперін»,
Еске түссін жұлдыз қуған ерке күн.
Нұрғисаның толқыт «Ата толғауын»,
Билеп кетсін кербез ағын, көркем үн.
Сұлу сазға адам жанын теліген,
Қазағымның мың сарынды жері кең.
Тыңдай қалшы, күй күбірлеп жатады
Ақ жаңбыр мен қарлы боран, желінен.
Теңіздер де, мұхиттар да сабылып,
Күй қозғайды ертелі­кеш ағылып.
Толқындары асығады адамдай,
Жағалауда бір көргенін сағынып.

05.12.2008



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәтбаевтану дүлдүлі

  • 0
  • 0

Қандай жақсы кездескенім асылмен,
Мен ол кезде кеншілік жол басында ем.
Жетпіс жасқа келіп қалды сол Медеу,
Жаны жалғас Қаныш шеккен ғасырмен.

Толық

Мәдидің ескерткіші алдында

  • 0
  • 0

Ассалаумағалейкум, Қарқаралы!
Шыдатпас сені аңсатқан жан талабы.
Жарқ етті тау басында жалғыз арша,
Арудай мені тосқан Арқадағы.

Толық

Көшедегі көрініс

  • 0
  • 0

Қара айғырдай басы қасқа, ақ табан,
«Джиптер» барлық көшелерде қаптаған.
«Бұлар – біздің ұлттық көлік» дейді екен
Інілерім қонақтарға мақтаған.

Толық

Қарап көріңіз