Өлең, жыр, ақындар

Бір жаңартып өтетін

  • 04.11.2021
  • 0
  • 0
  • 352
Кей қаланың аты әншіл үн берді,
Ақмоламыз Астана боп үлгерді.
Кей қалалар атын жиі өзгертіп,
Әр заманға сай боларлық күн көрді.
Ескі Ермак Ақсу болып оңалды,
Атажұртым нұры жанған өң алды.
Шетте жүріп елге жеткен секілді,
Тараздарым өз атына оралды.
Ал Павлодар мызғымай тұр шертиіп,
Сыйлық емес, «дар» дегені – шер­күйік.
Ақ патшаның бекінісі емес пе,
Намыс қозғап тұрған өңсіз мелшиіп.
Сан ойланып,
Сана мұңын кешесің,
Өтпеді ғой ұлыққа айтқан неше сын.
Мазалайды Петропавловск дегені...
Басқан кезде Қызылжардың көшесін.
Тағдыр осы өңменіңе жететін,
Әудем сәтте мәңгүрт етіп кететін.
Салт­санама сыйыспайтын аттар бар,
Кезі келді бір жаңартып өтетін.
Гәптің бәрі түпкі негіз затында,
Затын ойлар бар ғой берік хақым да.
Екі қала тұрса деймін жарқырап
Сәтбаев пен Уәлиханов атында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағындық сені бәріміз

  • 0
  • 0

Бір өлеңді арнасам,
Мың өлеңдік інім ғой.
Есенге сөз таңдасам,
Тез көтерер күлім бой.

Толық

Ұлытауда ел бірлігі айғағы

  • 0
  • 0

Аңызға да сән берер, ертегіге,
Қасиетті Ұлытау етегінде
Ел бірлігі белгісі құлаш жайды,
Айғақ етіп атағын ерте күнге.

Толық

Кездессе оқыс қуаныш

  • 0
  • 0

Кездессе оқыс қуаныш,
Жетелеп бақыт жол бастар.
Жұлдыздай жанған тым алыс,
Аңсатқан арман көз тастар.

Толық

Қарап көріңіз