Өлең, жыр, ақындар

Шексіздік

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 456
Мұнары шексіз
Тұманы кетпес даланың,
Қиялы шексіз
Зиялы туған дананың.
Шексіз жылдар ішінде біздер ұшқынбыз,
Жарысы шексіз
Ескі мен озық жаңаның.
Сұм қара жер,
Шексіздік сенің еккенің,
Адамды жұтып,
Еш тойымдық етпедің.
Қайғысы шексіз
Көзімен көрген ананың
Жалғыз ұлға аяусыз ажал жеткенін.
Шексіздік шебі,
Шалғайда елді аңсауда,
Түсінгендіктен
Сендім ғой көнбей шаршауға.
Жан жарыңмен сыйластыққа шек болмас,
Сүйеніш­серік қай қияға барсаң да.
Асыл ұстаз арманында шексіздік,
Алғыр шәкірт самғауында шексіздік.
Тіршілікте жас ұрпағың ардақтап,
Бірін­бірі жалғауында шексіздік.
Шексіз ой бар
Жырында біздің Абайдың,
Мұхиттай шексіз
Мұхтарға мұңлы қараймын.
Мағжан, Сәкен, Ілиясты атқандар,
Қиямет кешпес қылмысын шексіз санаймын.
Сүйемін шексіз Қыз Жібектің намысын,
Төлегенді күте­күте ары үшін.
Ғашық жүрек кексіздігі деп білем
Махаббат пен ғадауаттың жарысын.

05.01.2010



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мың-­мың алғыс үйемін

  • 0
  • 0

Студент кез жүрек жаулар тетікті,
Тапқан сөзім арманына жетіпті.
Гүлдей нәзік аққұба қыз
Бәйбіше

Толық

Қазақтану тірегі

  • 0
  • 0

Асылын сыйлау ұлтымның –
Тұғыры берік ғұрпымның.
Кәрібжанов Фазылды
Еске алуды ұмтылдым.

Толық

Бөгенбайға ескерткіш

  • 0
  • 0

Ұлан іс бастау алған Бас қаламыз,
Қуаныш құтты болсын, Астанамыз!
Ескерткіш Қанжығалы Бөгенбайға
Орнаттың, құттықтаймыз, шаттанамыз!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар