Өлең, жыр, ақындар

Қызылжар

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 828
Ақ қайың елі жайдары,
Сарыарқа алтын айдары.
Абылай ақ үй орнатқан,
Қазақтың ғажап аймағы.
Әнші де ақын ғұрпыңнан,
Көркіңе терең сыр тұнған.
«Гауһартас» сенсің құлпырған,
Қыраны елдің – Қызылжар,
Жұмағы жердің – Қызылжар.
Орман, көл толы айналаң,
«Гәккулі» өлкем жайнаған.
Сандуғаш сайда үніне
Інжу мен маржан байлаған.
Мағжандай қайсар жаралған,
Ұлдары арыс сан алуан.
Атадан мирас нәр алған,
Қыраны елдің – Қызылжар,
Жұмағы жердің – Қызылжар.
Аққұба туған үлбіреп,
Гүлден де сұлу гүлдірек.
Ұлпанға тартқан ұлтжанды,
Қыздары шымқай Қыз Жібек.
Анамдай жылы жүрегі,
Есілдей көпшіл тілегі.
Достықтың берік тірегі,
Қыраны елдің – Қызылжар,
Жұмағы жердің – Қызылжар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гауһарға берген ақ бата

  • 0
  • 0

Бата деген – ақ тілегі халықтың,
Дәстүрі осы біздің ұлттық қалыптың.
Бақытты бол, айналайын Гауһаржан,
Биік төрде өзіңді бір таныттың.

Толық

Тас көрсем де жүзіне елең етіп

  • 0
  • 0

Тас көрсем де жүзіне елең етіп,
Суреттеймін гүлдей пәк өлең етіп.
Бір өлеңім біткенде тағы бір ой,
Ұмтыламын соңына ере кетіп.

Толық

«Қазақ елі» – ерен-ғайып мұнара

  • 0
  • 0

Зәулім­заңғар мұнара – ел айғағы,
Елорданы ерекше аралайды.
«Самұрық­-Ана» аспанға қанат жайса,
Ұшқан құс та бас иіп қарайлады.

Толық

Қарап көріңіз