Өлең, жыр, ақындар

Ғашық еді балдырған

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 265
Ол балдырған қыз еді, ғашық еді,
Көңілі көктем, көкірегі ашық еді.
Соғыс жылдар жан­жаққа көшіп кеттік,
Есте қалды тек қана аты­жөні.
Көкейінде не барын өзі біліп,
Жүзі жайнап тұратын, көзі күліп.
Жұрт көзінше қасыма тақап келіп,
Сөйлесетін салғандай сезім бүлік.
Анам тату болатын анасымен,
Көрші едік­ау, достастым ағасымен.
Бір күртіктен сырғанақ тебуші едік
Екеумізге шақ келген шанасымен.
Аппақ жүзі күн сүйген алтынданып,
Жүретұғын жайдары жарқыл қағып.
Еске түссе, Құдай­ау, таңғаламын,
Отыратын шанада алдына алып.
Маңайыма жүргендей жарық беріп,
Шырылдайтын қатерді анық көріп.
Үстімдегі қарды да ол қағатын,
Ағытылған түймемді салып беріп.
Ауладағы жайласақ биік қарды,
Ол бір күні ерекше күйіп­жанды.
Мен сүйрейтін шананы өзі сүйреп,
Қоштасарда бетімнен сүйіп алды.
Түсінбедім ол неге сүйгенін де,
Жалт беруге болмады үлгеру де.
Кейін білдім:
Балдырған ғашық екен,
Құштар етіп қалдырған бір көруге.

08.09.2009



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн жақсы өтсе

  • 0
  • 0

Күн жақсы өтсе –
Түн тыныштық береді.
Жыл жақсы өтсе –
Үміт, сенім жеңеді.

Толық

Бақыт жеңгем

  • 0
  • 0

Бақыт жеңгем –
Бәйкен аға тірегі,
Қыз Жібектей Төлегеншіл жүрегі.
Ел ағасын барша қазақ сыйласа,

Толық

Ақ тілек

  • 0
  • 0

О, тағдырым!
Бергім келіп мол өнім,
Әр сөзіме көңіл нұрын төгемін.
Мен ғашықпын самғауына Сәкеннің,

Толық

Қарап көріңіз