Өлең, жыр, ақындар

Пианино сөйлеп кетті қазақша

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 852
(Гауһар Сұлтановаға)

Күйсандықтың кереметі Гауһарды
Тыңдаған жан сиқырлы үнге тамсанды.
Нұрғисаша шалқып, толқып, тебіреніп,
Әр дыбысқа қанат байлап жан салды.
Президенттік әйгілі өнер залында,
Ұқсады әуен маздап жатқан жалынға.
Сұлу саздың тың тасқынды теңізі
Құйқылжыды мың­мың тармақ сарында.
Әр шығарма дәл келтіріп ағынын,
Сейілтеді сары белде сағымын.
Сым саусақтар дәл басады ән үнге,
Қосақтайды өз бойында жан үнін.
Ойлы кейпі күле қарап жайдары,
Аққұба қыз күймен жігер қайрады.
Еуропаны әкелгендей көшіріп,
Шопен Листің желісінен таймады.
Асау жүрек жанартауы қайнады,
Сұлу саздың жарқыл қақты айдары.
Чайковскийше аққуларды билетсе,
Бипыл­типыл сыңғыр өсті жайдары.
Моцарт, Вагнер Сарыарқаны жайлады,
Мұқан ағам Көкшеге ат байлады.
Дина апамыз ақ батасын бергендей,
Гауһар атты жаңа жұлдыз жайнады.
Пианино шапағат шашты нұрлы үні,
Толқып жатты әсем әуез гүл­гүлі.
Тыңдаушылар «Браво!»­лап қол соғып:
«Міне, – деді, – жаңа заман дүлдүлі!»
Музыкаға мен де муза жалғадым,
Үкілі үнге жалау тікті назды ағын.
Аспанымда жаңа жұлдыз жарқ етсе,
Ата болып ақ батамды арнадым.

2005.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен көрдім аққудың жас көгілдірін

  • 0
  • 0

Мен көрдім аққудың жас көгілдірін,
Өзгертті құс-­періште өмір нұрын.
Адасып қалған құсым табылғандай,
Тамылжып жас күнімдей төгілді үнім.

Толық

Тіл жорығы

  • 0
  • 0

«Қазақ» деген байырғы атымызды
Содыр заман садақпен атып үзді.
Ақ патша да,
Бодандық құрсауы да

Толық

Көңілдің көркі тозғанда

  • 0
  • 0

Көңілдің көркі тозғанда
Азаяр өмір қызығы.
Дүлдүлден мәстек озғанда
Сергітпес тірлік үзімі.

Толық

Қарап көріңіз