Өлең, жыр, ақындар

Шөберем менің Әділге

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1005
Шөберем келді өмірге,
Сағындырып, аңсатып.
Орнады жайлау көңілге,
Жүрекке қонды бар шаттық.
Тірліктің қызық бұл шағы,
Қызыққа мөлдір қанғаным.
Ойлағанға бұл­дағы –
Орындалған арманым.
Есен бол, Әділ, қарағым,
Ғалым бол, әйдік батыр бол.
Бек құтты болғай қадамың,
Ақиқатқа шатыр бол.
Әділ деген атыңа
Сай болсын бүкіл ғұмырың.
«Ұқсасын, – деген, – затына...»
Аллаға жетсін сыбырым.

24.03.2007.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Романс

  • 0
  • 0

Билейді ерке қуаныш
Аңсаған сені шағымда.
Жақындап арман тым алыс,
Сайрайды бұлбұл бағымда.

Толық

Шөберемді «Бәйтерекке» апардым

  • 0
  • 0

Мен де биыл үлкен ата атандым,
Бірі болдым өркені өскен қатардың.
Жетпіс беске келген шақта бұйырып,
Шөберемнің қолынан су тата алдым.

Толық

«Болыс болдым, – деп еді

  • 0
  • 0

«Болыс болдым, – деп еді, –
Бар малымды шығындап».
Абайдың сөзі келеді,
Өсу жоқ бермей тығындап.

Толық

Қарап көріңіз