Өлең, жыр, ақындар

Қос жүректің мекені

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 462
Шоқан басқан асыл ізден нәр алдым,
Ақан сері әнін жаттап таралдым.
Құлагер жортқан құба жонда ізі бар,
Аққулы елде, «Гәккулі» елде жаралдым.
Тағдыр қосты дос­жаранның тәуірін,
Тыңдай білдім құстар үнін, тау үнін.
Қыздары әнші, ұлдары ақын, сауықшыл,
Жайлап өстім Үкілі Ыбырай ауылын.
Сол ауылда жаздым тұңғыш өлеңді,
Жас жүрекке желіктіргіш жел енді.
Сол ауылдың әнші қызы үйретті
Жер бетінде махаббат бар дегенді.
Қаныш жүрген құт әкелді Жезқазған,
Кенші болдым, өлең де көп мен жазған.
Араладым Ұлытауды, Қоскөлді,
Тыныс алып отты күннен кен қазған.
О, кең дала!
Сен қандырдың құмарды!
Бауыр бастым көк сағымға мұнарлы.
Серпіп қалған қабағында көп сыр бар,
Сонда көрдім адасып жүрген ұларды.
Тез құлаймын ес білгелі ғажапқа,
Сұлу көрсем, шын сұқтанбау азап та.
Мөлдірген қара көзі таңдантып,
«Жезкиік» боп сыр ақтардым қазаққа.
Көзден көшкен сол елестер желбіреп,
Жалғасады киік­дала, кең жүрек.
Көкшелетіп Ұлытауға бір соқсам,
Сауығамын сағыныштар селдіреп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сақтай білді мақтай үлкен ғұрыпты

  • 0
  • 0

Индиражан,
Атаң Мақтай – бауырым,
Ауылы сүйді,
Қазақ сүйді нар ұлын.

Толық

Саңқылдап аққу қаптаған

  • 0
  • 0

Саңқылдап аққу қаптаған,
Саялы көлге ынтығам.
Жанымды әні аптаған,
Басылып мұңым, құлпырам.

Толық

«Қазақ елі» – ерен-ғайып мұнара

  • 0
  • 0

Зәулім­заңғар мұнара – ел айғағы,
Елорданы ерекше аралайды.
«Самұрық­-Ана» аспанға қанат жайса,
Ұшқан құс та бас иіп қарайлады.

Толық

Қарап көріңіз