Өлең, жыр, ақындар

Досқа сыр

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Бермедің деп зор бақыт,
Аллаға жүк артпайық.
Бөтен сөзді тоқтатып,
Қолдағы барды сақтайық.
Бермесе тағдыр ақылды,
Өзгеге пәле жаппайық.
Жоймаймын десең атыңды,
Өзіңнен сынды бастайық.
Ағаңа күш бол шығынсыз,
Жүдетпе сепшіл жүрегін.
Ініңе жаз бол шыбынсыз,
Жайқалып өссін тірегің.
Балаңды тілдеп жекірме,
Ол саған қатты сенеді.
Бағаңды сыйлы кетірме,
Сені де әкең жебеді.
Сілтер жер келсе, сергі енді,
Сабырмен төрлет, жығылма.
Желпініп қал сен де енді,
Тасада бекер тығылма.
Ақылсыз қайрат – пәлекет,
Қайратсыз ақыл – тұл жетім.
Ел үшін етсең әрекет,
Ақталар парыз­міндетің.
Сөзіме етпе ерегес,
Өзім де зерлеп қараймын.
Қай қазақ оны елемес,
Айтқанын ұқтым Абайдың.

24.10.2005.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілдің көркі тозғанда

  • 0
  • 0

Көңілдің көркі тозғанда
Азаяр өмір қызығы.
Дүлдүлден мәстек озғанда
Сергітпес тірлік үзімі.

Толық

Асыл ұлы қазақтың

  • 0
  • 0

Арнаған азат таңға жан өрісін,
Ардақты барша қазақ Халелісің.
Алашқа алтын күмбез орда салған,
Заңғайыр өнер­білім әлемісің.

Толық

Үкілі Ыбырай ауылындағы тебіреніс

  • 0
  • 0

Тіршілік, кей сырыңды біліп едім,
Ескермей еркелікпен жүріп едім.
Егделік етек­жеңді тарылтты ма,
Көп достар, естілмейді дүбірлерің.

Толық

Қарап көріңіз