Өлең, жыр, ақындар

Махамбеттің әсері

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 380
Қазақтың қайсар ақын, ерен ері,
Толтырды Мағжан кекке кенерені.
Атойлап Тұран үшін ұран жайса,
Сол шығар Махамбеттің жебегені.
Шындықтың сыры аз емес желігі жоқ,
Өтті ғой Сегіз сері серігі боп.
Исатай, Махамбеттен алған сабақ
Қалды артта ән мен жырдың өрімі боп.
Бауыржан, жау тойтарған Рахымжандар,
Махамбет ұшқыны бар батыл жандар.
Рухы асыл дана ерте қонған,
Бәрі де асау тұлға ақын жандар.
Жалықпай көл қорыған құстың үні,
Жайықтан естілгендей қыстың күні;
Қайсарлық берді ақын Қасымға да
Махамбет жебесінің ысқырығы.
Жаз өтіп, жетсем­дағы кәрі күзге,
Құштармын атой салғыш анық ізге.
Әсері Махамбеттің ұлан­ғайыр
Елім деп тыным таппас бәрімізге.

06.03.2003.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отан

  • 0
  • 1

Аялаған өз елің,
​Отан – биік тауларың,
​Отан – шексіз кең далаң,
​Жасыл бағың, бауларың,

Толық

Өсиеті анамның

  • 0
  • 0

Айтқаны қызық анамның,
Әр сөзі – мәңгі өсиет.
– Қасиетті адамның
Досы боп өту – қасиет.

Толық

Өмір жолым – менің үлкен байлығым

  • 0
  • 0

Өмір жолым – менің үлкен байлығым,
Көз ашқалы көкіректі жарды мұң.
Күлкім кейде көрінеді өзіме
Жыртығындай шапанының жарлының.

Толық

Қарап көріңіз