Өлең, жыр, ақындар

Барша қазақ бірлігінің белгісі

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 385
(Жәлел Қизатовтың құлпытасын ашқанда)

Қан майданда фашизмді қиратып,
Адамзатты өткен қатты сыйлатып,
Тірі күнде аты аңызға айналған,
Осынау жерде жатыр Жәлел Қизатов.
Сексен жылдық тойын атап жан­жақтан,
Құлпытасты аштық көркі таңдантқан.
Қызылорда алғыс айтам халқына,
Асыл тұлға асқақ белгі орнатқан.
Куә болдық қонған іске ақылға,
Биік екен өнерпаздық татым да.
Зор бағанда жайнап тұрса жұлдызы,
Мәрмәр кітап ашылып тұр ақынға.
Есіл ұлы Сыр бойында жатқаны,
Дос­жаранның ақ сенімін ақтады.
Көз жұмарда жатар жерін өзі атап,
Талай жылғы сыйластықты сақтады.
Ескерусіз қалмас әсте ер кісі,
Құрмет табар тірліктегі зерлі ісі.
Өзім көрген осынау ғажап құлпытас –
Барша қазақ бірлігінің белгісі.

07.05.2001



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтті ғасыр

  • 0
  • 0

Өтті ғасыр...
Атомшыл заманды алып,
Бітті Одақтың ғұмыры тәмамдалып.
Кетті Семей сілкінтіп полигонын,

Толық

Әр күннің өз жүгі бар

  • 0
  • 0

Дүйсенбіде қауырт істер желеді,
Сейсенбіде бос сергелдең жеңеді.
Сәрсенбіде тағдыр барын береді,
Бейсенбіде жырға батқым келеді.

Толық

Әншілік өнерінің құлагері

  • 0
  • 0

Қайратжан, айналайын асыл інім,
Жаңғырттың бар қазаққа ғасыр үнін.
Аққу­қаз айдын көлде саңқылындай,
Сұлу саз, әсем әннің ғашығымын.

Толық

Қарап көріңіз