Өлең, жыр, ақындар

Сайтқа арнау

  • 31.10.2021
  • 0
  • 0
  • 514
Жүректерді ізгілікке елең ғып,
Сонда айтылар әсем ән мен өлеңді ұқ.
Салтанат па, мереке ме, мейрам ба,
Бір-біріне "Құтты болсын!" деген жұрт.
Шын жүректен сөз арнады егіліп,
Сол сөзінен сергек көңіл,сенім ұқ.
Туған күн бе,мерейтой ма, кештер ме,
"Қуанышың құтты болсын!" деді жұрт.
Сол ортада болмас көңіл тек мұңды,
Кеуделерге шаттық лебі кеп кірді.
Бір-біріне шын көңілмен көпшілік "Құтты болсын!",
"Құтты болсын!" деп тұрды.
Сауықты ұғар әуел бастан мына жұрт,
Кездесетін тойда басы құралып.
Сол тойларда "Құтты болсын!" деп тұрды
Бірі үшін бірі елдің қуанып.
Армандарға ақ тілектен жақшы үміт,
Саған тәнті болып отырсын көпшілік.
"Құтты болсын!" айт селкеусіз көңілмен,
Сол сөзіңде жатсын барлық жақсылық.
Біріңді,дос,бірің келіп ескергін,
Шаттық барда көңілдерден көшкен мұң.
Қуанышына ел мен жұрттың арналған
"Құтты болсын" сайтына қош келдің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Рақмет, алғашқы ұстаз!

  • 0
  • 0

Білім жол бәріне аңсарлы,
Ой зерек болса оған ұнадың.
Сендерді күлімдеп қарсы алды
Мектепте мейірімді мұғалім.

Толық

Қожабақы мектебі

  • 0
  • 1

Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан - ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар
Мектебім - ауылымның мақтанышы.

Толық

Жеңіс

  • 0
  • 2

Сәулесін шашып түнекке,
Ысырып жауды жер-көктен.
Қасірет тұнған жүрекке
Жеңіс боп келді сол көктем.

Толық

Қарап көріңіз