Өлең, жыр, ақындар

Махаббат назы

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Аялағаным, саялағаным, бағалағаным бағыма,
Еркелей басып, құшағыңды ашып, жақындау келші жаныма.
Еркіңе көнбей, толқыған көлдей, шалқыған желдей, шіркін­-ай,
Өзіңе мәлім өмірдің әнін қозғашы, жаным, сағына.

Қайырмасы:
Сәттері қандай,
Тәтті еді балдай,
Әттең­ай, сол бір таңдар-ай!
Арман­ай!

Сенген ардағым, таңдап алғаным, қонған арманым қолыма,
Жанымның нұрын, көңілдің гүлін төсейін жүрер жолыңа.
Басыңда тұрмай, жығылған тудай, жүгірген судай, шіркін­ай,
Өткенше дәурен, ризамын, сәулем, қасымда сенің барыңа.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара жартас шер төкпес

  • 0
  • 0

Шын ақында айтылмайтын сөз қалмас,
Не жасырсын тоңған жүрек, тозған бас?
Сен – бір сұңқар ұшып­қонған айналып,
Мен – бір жартас қонысынан қозғалмас.

Толық

Ауылыма

  • 0
  • 0

Көкжиектен ары қап сағым басса,
Сағым басса, мүмкін бе сағынбасқа?
Тел құлындай өсірген туған ауыл,
Сен дегенде шығарда жаным басқа.

Толық

Балаларыма

  • 0
  • 0

Сездіңдер жүрегімде бұлақ барын,
Кім білсін қайда барып тұрақтарын?
Тереңнен қайнап шыққан тұнық еді,
Лайлап ап жүрмеңдер, шырақтарым!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер