Өлең, жыр, ақындар

Ән­-домбыра

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 4228
Саған ғана жан сырымды ашайын,
Саған ғана маржанымды шашайын.
Қосыл кәне әуеніме, домбыра,
Қоңыр кеште қоңыр әнге басайын.

Қайырмасы:
Ән­-домбыра,
Жан­-домбыра.
Балқытшы бір жанымды.
Жезтаңдайым,
Бозторғайым,
Тамылжытшы әніңді.

Бір өзіңде дала менен тау үні,
Бір өзіңде ғасырлардың дауылы.
Сен сөйлесең тебіреніп, толғанып,
Қара жердің елжірейді бауыры.

Қайырмасы.

Жыр-домбыра,
Сыр-домбыра,
Жаралғансың бағыма.
Тіл білгішім,
Бұлбұл құсым,
Сайрашы бір тағы да.

Сал домбыра, жан серігім жасымнан,
Сен қымбатсың жердегі бар асылдан.
Бабалардың аманатын арқалап,
Жеттің маған сонау алыс ғасырдан.

Қайырмасы.
Күй-домбыра,
Би­-домбыра,
Бүлкілдесін көмейің.
Көңіл сазым,
Қоңыз қазым,
Енді саған не дейін!?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылжыған су астында сүңгуірдей

  • 0
  • 0

Жылжыған су астында сүңгуірдей,
Жүземін ой түбінде бір кідірмей.
Келемін тылсым дүние құшағында,
Керегім бірде ілініп, бірде ілінбей.

Толық

Ақбөкен

  • 0
  • 0

Дертімді менің қозғама,
Онсыз да ғұмыр аз ғана.
Айта алмай кеткен сырым бар
Жадырап тұрған жазға да.

Толық

Жыр-шашу

  • 0
  • 0

«Бісмілла!» деп сыйынып, ауызға алып Алла атын,
Қызыл тілім толғасын Құл­Мұхаммед зәузатын.
Қызыр баба о бастан тірісіне бақ сыйлап,
Өлісіне бұйыртқан о дүниенің жәннатын.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер