Өлең, жыр, ақындар

Меруерт моншақ

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 3192
Сағыныштан,
Алып ұшқан,
Қоңыр қаздай арман­ай!
Көл таба алмай,
Жерге қонбай,
Қанатының талғаны­ай!

Қайырмасы:
Оу, арман­ай,
Беу, жалған­ай.
Шіркін, сол шақ,
Меруерт моншақ,
Қара көзден тамғаны­ай!

Қайғың үдеп,
Жаның жүдеп,
Жүрек оттай жанғаны­ай!
Аңсағанда,
Шаршағанда,
Зарықтырған жалған­ай!

Қайырмасы.

Дауыл соғып,
Бауыр тоңып,
Сергелдеңге салғаны­ай!
Мөлдір жырдың,
Сол ғұмырдың
Көңілімде қалғаны­ай!

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жақсылыққа зар болып

  • 0
  • 0

Аспан мен жер ортасында біраз ғұмыр кешірдім,
Әлсіреген үміт отын мың жағып, мың өшірдім.
Құрқылтайдың ұясындай қалтыраған бұтада,
Жел аударған қара қосты әр төбеге көшірдім.

Толық

Ақ көбелек

  • 0
  • 0

Қағасың қанатыңды, қалықтайсың,
Қонасың гүлден­-гүлге, жалықпайсың, ақ көбелек.
Жанары жарқылдаған жарқын жаздың,
Жалт етіп алдайтынын неге ұқпайсың, ақ көбелек?!

Толық

Екі туып келмейсің

  • 0
  • 0

Дүние сыры бір ғана құдайға анық,
Түн айналып келеді, күн айналып.
Қайта тұнар тасыған асау өзен,
Арнасынан шалқыған лайланып.

Толық

Қарап көріңіз