Өлең, жыр, ақындар

Алтын асық

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1544
Шөл қандырдым бұлақтың тұнығынан,
Ән төгілер арудың бұрымынан.
Тал бойыңнан танадай мін таппадым,
Жаралғандай асылдың сынығынан.
Дариға-ай, сынығынан!

Қайырмасы:
Алтын асық,
Күміс қасық,
Дәурен өтіп барады­ау,
Белден асып.
Дариға-ай, белден асып!
Дәурен өтіп барады­ау,
Белден асып.
Дариға-ай, белден асып!

Шөл қандырған бұлақтың қайнарынан,
Жел еседі жігіттің айдарынан.
Қоңыр күзде кез болған қоңыр қазым,
Ел қайтқанда көңілдің жайлауынан.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір сәулесі

  • 0
  • 0

Біреу егіз өмірде, біреу сыңар,
Ана деген бәріне тілеуші бар.
Жалғыз болса шыдайды ол қашанғы –
Опырылып оп-оңай тіреу сынар.

Толық

Ақ көбелек

  • 0
  • 0

Қағасың қанатыңды, қалықтайсың,
Қонасың гүлден­-гүлге, жалықпайсың, ақ көбелек.
Жанары жарқылдаған жарқын жаздың,
Жалт етіп алдайтынын неге ұқпайсың, ақ көбелек?!

Толық

Қағып ап қарағайдай мүйізімді...

  • 0
  • 0

Айналды бір суық жел жан қоймасқа,
Шама жоқ жапырақтай сарғаймасқа.
Келсаптың тұмсығындай көп соғылған,
Бұл күнде төбе тықыр, маңдай қасқа.

Толық

Қарап көріңіз