Өлең, жыр, ақындар

Орта жолға жеткенде

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 534
(Бақтыбай Қасымбековке)

Сен де елуге, Бақтыбай, келіп қапсың байқамай,
Елуінде жігітті шырмап алар ой талай.
Орта жолға жеткенде өткен ізді түгендеп,
Көңілдегі бола ма көк теңізді шайқамай?
Бірі болдың әкеден озып туған баланың,
Қаршадайдан қияға қанат қақты талабың.
Ойға
­қырға жүгіріп, жан­
жағыңа үңіліп,
Халқың үшін, бауырым, ойылыпты табаның.
Тектілігің ішіңде, тентектігің сыртыңда,
Адал туған ұлансың алты Алаштың жұртында.
Көп болса ғой қазақта сендей жігіт, шіркін­ай,
Кетпес едік кеше біз келімсектің ырқында.
Елесінен ерлердің үмітіңді үзбейсің,
Бердіқожа бабаңның басқан ізін іздейсің.
Жақсыларға құшағың гүл жайнаған даладай,
Жамандарды көргенде құлазыған түздейсің.
Біреулердей қазақты ала жіпке тізбейсің,
Алтын балық алам деп лай суды сүзбейсің.
Ақ көңілің аңқылдап, ақ кемедей жарқылдап,
Толқынында тірліктің жүзге дейін жүзгейсің!
Сен елуге келгенде белбеуіңді бекемдеп,
Көп толғандым тойыңда не сыйласам екен деп.
Көңіл құсын ұшырдым, қолда барды ұсындым,
Ақын байғұс ойламас әкімдерге жетем деп.
Бай емеспін ақшаға жанқалтасы шылқыған,
Сескенемін кейде мен мынау заман сұрқынан.
Шаршамайтын шабыстан, өлмейтұғын ешқашан,
Мінгізейін бір тұлпар өлең деген жылқыдан.
Жырдан туған жүйрікті жұрттың бәрі ұнатқан,
Құлап көрген ешкім жоқ сүрінбейтін бұл аттан!
Бердіқожа бабаңның ұстатайын қылышын,
Ел шетіне жау келсе, суырарсың қынаптан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елбасы

  • 0
  • 0

Кісімін ата көрген, ана көрген,
Көтердім көптің жүгін шама келген.
Батасы Мұқағали қабыл болып,
Сөзіме қалың елім баға берген!

Толық

Боздағым-ай!

  • 0
  • 0

Дүние, жұмбақ едің, шіркін, неткен,
Аққулар орала ма былтыр кеткен?
Аққулар оралса да былтыр кеткен,
Боздақтар оралмайды­ау қыршын кеткен.

Толық

Ақырғы ақын мен емес

  • 0
  • 0

Думан қудым, той­тойлап арақ іштім,
Айбақ­сайбақ артымда аламыш күн.
Құр қалардай өңмеңдеп өндіршегім,
Сағымменен сандалған сан алыстым.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер