Өлең, жыр, ақындар

Сафуан аға рухымен тілдесу

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 545
(Сафуан Шаймерденовке)

Сафеке, рухың асқақ, тұрқың биік,
Кісі едің терең ойлы бір тұңғиық.
Түнерді тар кезеңде тағдыр талай,
Ап­ашық аспаныңа бұлтын жиып.
Қатарың қаптап жүрген қара нардай,
Тып­типыл, тойдан қайтып тарағандай.
Тұрушы ең қалың топтың ортасында,
Үңіліп төбесінен қарағандай.
Ұшындай сауыт бұзар көксүңгінің,
Жан аға, арамызда жоқсың бүгін.
Тусаң да солтүстікте, байтақ елге
Жаныңның шуағы мол төктің нұрын.
Кешегі Желтоқсанда астан­-кестең,
Зұламат күн ұмытылмас бастан кешкен.
Шырылдап көл қорыған қызғыш құстай,
Колбинге қарсы тұрдың сескенбестен.
Ер едің бөгеттерді бұзып жастан,
Ғабең мен Сәбеңдердің ізін басқан.
Көбедей көп шуылдақ жолда қалды,
Сыртыңнан сөз жүгіртіп ызыңдасқан.
Ұл едің ұлт өзегін жарып туған,
Жарқырап шамшырақтай жанып тұрған.
Қазақтың әдебиет әлемінде,
Ерекше Битабардай алып тұлғаң.
Жар іздеп жанымызға үйлесімді,
Оқыдық басқа жастап «Инешіңді».
Құрметтеп еңкейсең де қадірліге,
Білуші ек пендеге бас имесіңді.
Қыран ең шамырқансаң кек алатын,
Не топшың, үзілмесе не қанатың.
Өшпейді қара орманың – қазақ барда,
Сафуан Шаймерденов деген атың!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жәркенге

  • 0
  • 0

Жазбасаң бұл өлеңді аш қалардай,
Уа, Жәке, жүгірмейсің басқалардай.
Сарқыты жыраулардың жалғыз өзің,
Әр сөзің алынбайтын тас қамалдай.

Толық

Батырдың ұрпағысың

  • 0
  • 0

Тіршілік шығармайды төрге бірден,
Жетілген азаматсың еңбегіңмен.
Ту тіктің елу бестің белесіне,
Кеудеңді биік ұстап өр көңілмен.

Толық

Семей

  • 0
  • 0

Бүгінгі жұртқа мәлім Жаңа Семей,
Немене кешегі Алаш қаласы емей?
Шешесін көзге шұқып туған қызы,
Көрінді әкесіне баласы өгей.

Толық

Қарап көріңіз