Өлең, жыр, ақындар

Балуан Шолақ басында

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 716
Атағы аспандаған елден дара,
Армысың, асып туған балуан баба!
Кеңқолтық қазағыңа өкпелеме,
Күмбезің көтерілсе жерден жаңа.
Жаралған арпалысқа, жарықтығым,
Жатарсың енді мәңгі алып тыным.
Дәлелдеп кеттің мынау дүниеге,
Қазақтың батырлығын, алыптығын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ бесік

  • 0
  • 0

Тербелесің тынымсыз, тербелесің,
Тербетумен өмірді сен келесің, ақ бесік.
Сылдырмаққа айналып ай мен жұлдыз,
Күннің өзі үстіңде дөңгелесін, ақ бесік!

Толық

Ей, өмір!

  • 0
  • 0

Балалықты жоқтаумен жыл ұрлаған,
Өтіп бара жатырмын жиырмадан.
Сияқтымын ұйқыдан жаңа оянып,
Таңертеңгі төсегім жиналмаған.

Толық

Жанның оты

  • 0
  • 0

Тиіп кетсе бунап тұрған сезімге от,
Тиіп кетсе қурап тұрған төзімге от,
Абайсызда лап ететін кезім көп,
Арпалысып өзімменен өзім боп.

Толық

Қарап көріңіз