Өлең, жыр, ақындар

Арғымақ

  • 10.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2654
Қыпшақтардың ой-хой құба жондары-ай,
Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!
Шарайнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр
Көк шалғынға-көк кілемге
Сүртіп мүйіз ұлтанын.
Берші менің тақымыма біреуін,
Жеті қиян жер түбіне асайын.
Арғымақтай аласұрған жүрегім
Оны қалай басамын.
Атылайын арғымақтың жалына,
Соңымда тек сақ-сақ күліп дос қалсын.
Балғын шалғын айналып көк жалынға
Нөкер болып артымда ақ шаң топтансын.
Шаппай тұлпар кісінеме атпын деп,
Шабайықшы шаң қондырмай етіне.
Шабайықшы көп жыл тыныш жаттың деп.
Момын қырдың былш-былш ұрып бетіне.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асау үйрету

  • 1
  • 0

Көтеріп атқа қондырдың,
Ат емес –
Алау.
Бүлік бір.

Толық

Махамбетке

  • 0
  • 0

Сен қаласаң,
От демеймін отыңды.
Отқа кесіп лақтырамын етімді.
Арманымдай аяулы тал боп шығар,

Толық

Ақымақ айтты демесең

  • 0
  • 0

Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп
Айта алмаймын ертеңіңе сенем деп.
Ана сүті арамдыққа суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.

Толық

Қарап көріңіз