Өлең, жыр, ақындар

Қара тон

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 571
(Қалихан Ысқаққа)

Бұл өмірде кім жылап, кім күлмейді,
Жан жарасын жақсылар білдірмейді.
Қара тонның ішінде кім жүрмейді,
Қара жердің қойнына кім кірмейді?
Тағдыр аз ба қайғысы бастан асқан,
Табаныңды тоздырар тасқа басқан.
Қайран біздің ағалар тауға өрлеген,
Қара тонын үстінен тастамастан.
Ажал жетсе дерттей боп білінбеген,
Ғайып болар күншуақ күлімдеген.
Қара тонның ішінде қайран жүрек,
Секем алып кей кезде дірілдеген.
Бал-бұл ұшар көзімнен бұл ағалар,
Көкірегінен сарқырап бұлақ ағар.
Қара қазақ қайдасың, халық үшін
Қоңыр кеште күңіреніп жылап алар?!
Торқа киіп төбеге кім шықпаған,
Жалаңаш қап көз жасын кім сықпаған?
Қара тонның ішінде шаттығым бар,
Қайғым да бар жанымды тыншытпаған.
Қайда барып тығылмас тоңған адам,
Сүмірейер мүскіндей сор қамаған.
Үскіріктің ұсқынын сезген қазақ,
Торқаға емес, сәбиін тонға ораған.
Қой терісі – байлығым, жинағаным,
Қой мінезі – құраным, иман­арым.
Қара тонын сүйреткен қара шалдың
Етегінен ит қапса қиналамын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көрдім сені түсімде

  • 0
  • 0

Сүйген сәулем, көрдім сені түсімде,
Тұр екенсің қызыл жалын ішінде.
Маған қарап қабағыңды сәл шыттың,
Әлденеге өкпелеген пішінде.

Толық

Тарпаңнан туған құлындай

  • 0
  • 0

Ел үшін соғып жүрегі, ел үшін талса білегі,
Жігітті өрге жетелер, көтерер көптің тілегі.
Тарпаңнан туған құлындай даланың арда түлегі,
Алқалы топтың туындай абыройың аспан тіреді.

Толық

Қайран дүние

  • 0
  • 0

Түлкідей бұлаңдаған,
Сұлудай сылаңдаған,
Қайтейін, қайран дүние,
Аялдап тұра алмаған.

Толық

Қарап көріңіз