Өлең, жыр, ақындар

Құрсағында анамның зор қуаныш бұғып жүр

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 460
1
“…Уақыт тығыз…
Амал жоқ,
Қызметтен қалам…”– деп:
Қиналмайды ендi анам,
Ала таңнан алаң боп…
Жаны тыныш,
Күнде үйде,
Шай iшемiз бiз бiрге:
Жүрiсi ауыр…
Толысып,
Түстi анам бiр күйге…
“Жабысты ма бiр iндет?..”–
Жөн сұрасам бiлгiм кеп…
Анам күле сөйлейдi:
“Демалыста жүрмiн!..”– деп.

2
Бiр шаруаны қолға алар,
Болса анам:
“Қой, доғар!..”–
Деп бəйек боп ақ əжем,
Атам бiрге қозғалар…
«Мен iстейiн мұны!.. ”– деп,
Əкемде де тыным жоқ:
Анау-мынау шаруаға,
Бұрылмайтын бұрын көп…
Нышаны екен ненiң бұл,
Халат киген көгiлдiр:
Отбасылық дəрiгер,
Үйге жиi келiп жүр.
Қарап, байқап, ұғып сыр,
Ойға кетем қызық бiр:
Құрсағында анамның,
Зор қуаныш бұғып жүр!..

3
Бiр адам жоқ сырттаған,
Дəрiгер де, жұрт та алаң:
Бөленуде –
Аялы,
Қамқорлыққа жүктi анам!..
“Алда əлi – той, қызық!..”
Үнсiз қалам томпиып:
Атам менен əжемнiң,
Сөздерiнен ой түйiп…
Өркендеген осы елде,
Шалдықпайды кеселге:
Барлық адам,
Əрi арман –
Құрсақтағы бөпем де!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не тәтті, не қатты?

  • 0
  • 0

Бұл дүниеде жеңіл не?
Ол – есімі Алланың!
Бұл дүниеде ауыр не?
Ол – шешімі Алланың!

Толық

Түгел сөздің түбі бір

  • 0
  • 0

Батыр – жердің қорғаны,
Ақын – елдің ардағы,
Мақал – сөздің маржаны,
Ана – бала бағбаны.

Толық

Астана. Қыс. Көктайғақ

  • 0
  • 0

Астана. Қыс. Көктайғақ…
Көшелерден өт жайлап:
Машиналар –
Сырғанар,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар