Өлең, жыр, ақындар

Сара мен Тəсібек

  • 05.10.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Сара қыз кезінде Тəсібек деген жігітпен айтысқан екен. Тəсібек Кенжеге сіңген аз ғана ауыл Ошақтыдан шыққан өлеңші жігіт көрінеді. Айтыс кезінде Сара 13 жаста, Тəсібек 30 шамасында болса керек. Бұл айтыстың өлеңдері мынадай:

Сара:
Қонады қалың үйсін Қараталға,
Мінеді Сарбас ағам өрме жалға.
Тəсібек, өтірік айтпай, шыныңды айтшы,
Өзіңнің Айтқожадай атаң бар ма?

Тəсібек:
Кем емес Айтекеңнен атам Дүзен,
Қаракөк үзілмеген тіпті бізден.
Айтекең, би Дүзекең біздің қазақ,
Қалмақтың шебін бұзып, шідер үзген.

Сара:
Мен едім ақын Сара күлімдеген,
Дұшпанға басқан ізім білінбеген,
Мақтанба көрмегендей ау, Тəсібек,
Ілікке ата-бабаң ілінбеген.

Тəсібек:
Ауылым өрлей көшіп, өр қыстаған,
Жұғымды малға жайлы жер қыстаған.
Ей, Сара, өтірік айтпай, шыныңды айтшы,
Би болып неше қалмақ мөр ұстаған?!

Сара:
Тəсібек, жеңіп кетсең, жебегенің,
Қалмасын бүгін маған демегенің!
Лə-илəһи, иллиолла, мұсылманмын,
Мені қалмақ дегенің, не дегенің?

Тəсібек:
Өлеңім таусылмайды молдығынан,
Сарбастың құтылмайсың зорлығынан.
Үлкен шешең қалмақтың қызы дейді,
Сені қалмақ дегенім сондығынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарлығаш

  • 0
  • 0

Толғанып терең ойға баттым, ағай,
Бір таңға көз іле алмай жаттым, ағай.
Жайдары жүрегіме от боп түсті,
Әр сөзі сіздің жазған хаттың, ағай.

Толық

Жүрек

  • 0
  • 0

Жүректен жанға жылы сөз бар ма елде,
Жүрексіз тірлік бар ма суда, жерде?
Қашанда өмір жыры – жүрек сыры
Біреуін сол жүректің айтам мен де.

Толық

Тағдыр тәлкегі

  • 0
  • 0

Ақша қар алғаш жауған қыстың басы,
Көңілсіз көк салбырап қабақ-қасы.
Бекеті Абдыраның ашық дала,
Ақсудың жарғабақты босағасы.

Толық

Қарап көріңіз