Өлең, жыр, ақындар

Төкен

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 360
Семейде отыр Ибрагимнің Төкені,
Іздей қалсаң, мұражайда мекені.
Санамаймын жазғаны мен сызғанын,
Бар қазаққа белгілі кім екені.
Шырақшы емес, ол – Абайға шабарман,
Абайға құл болған жанда жоқ арман.
Алпыс жылғы азабының қисабы –
Алпыс тал шаш самайында ағарған.
Ертісті өзі меншігіне алғандай,
Емен­-жарқын аралдағы ормандай.
От пен суға мойымаған сүйегін
Тарбағатай жартасынан жонғандай.
Төкен осы – сырты қара, іші аппақ,
Қазақ көрсе жүргені ылғи құшақтап.
Арамдар мен надандарға кезіксе,
Өткір сөзбен өлтіреді пышақтап.
Төкен осы – жапырағын жұтатпай,
Жел өтінде желбіреген бұтақтай.
Иә, болмаса мұражайдың төрінде
Сөйлеп тұрған бейне кісі-кітаптай.
Кейімесе қажығанда бәзі бір,
Дүниенің оған көп пен азы бір.
Ірілердің ортасында ізетті,
Інілердің ортасында қазымыр.
Орындалған емес ешбір жоспары,
Сүйенетін сеңгір тауы – достары.
Сағынары – Серікқалиев Зейнолла,
Табынары – Сүлейменнің Асқары.
Қандай кісі жақсы көрмес Төкенді,
Кейде дана, кейде қисық әпенді.
Қалыбына сыймай қалып қара шал,
Танытпаса жарар еді көкемді!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Іргем бүтін тұрғанда...

  • 0
  • 0

Байтақ елмін басынан сөз аспаған,
Өз өлеңім өзіме – өз астанам!
Илеуіңе қашанғы көне берер
Қазақ жыры зорлықтан көз ашпаған?!

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Өзіңсіз күнім күн бе екен,
Өзіңсіз түнім түн бе екен?
Тауыңда өрген киіктің
Тұяғы бүтін жүр ме екен?

Толық

Қара орман еді

  • 0
  • 0

Мінгенде тартып ат жалын,
Қара орман еді қапталым.
Найзағай түсе бастады,
Лапылдап сұмдық от­-жалын.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер