Өлең, жыр, ақындар

Ат арба

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 419
Омырауына қамыт батқан,
келеді ол
тер орнына бу атады денеден.
Қорлық, бейнет қазына болса — қазып ал!
Қасқа тағдыр сол маңдайға жазылар.
Ат иесі неғылады басқаны —
арбасында кірпіші бар, сазы бар,
жайбарақат.
Aт тындырса сонша ісін,
Үйірмегенде қайтеді қамшысын!
Шама жоқ-ау, сірә, бір үн қатпасқа! —
ауық-ауық пысқырады ат қасқа.
Майсыз ағаш арба келеді ойбай сап —
байбаламға шеберсің-ау, әй, найсап!
Ырсаң қағып аттың қабырғалары
Ол да сықырлайтын сын-ды болады —
Обал қайда?
Тағдырына обалы!
Тағдыр — ауыр,
Жұрттың онда ісі не:
аяуға — жоқ,
қызықтауға кісі көп,
Жылқы екенін білдірді ме тегінің,
ат бір кезде жіберді әнтек кісінеп.
Жалт қарасты сонда адамдар,
Обал, ә!
ескі арбаға ат жегуге бола ма
Мынау әсем машиналы қалада?!
Көп көңілде осындай ой жатты ұсақ,
ұсақ пиғыл ұсақ міндер тапқыш-ақ:
"Қарашы, әне, тезек тастап барады", —
деп кісінеп күлді біреу ат құсап.
Балалар мәз, балалар мәз, балалар
атқа еліктеп пысқырып жүр, әне, олар.
Ал ат байғұс тартады ауыр арбаны,
арба болып батады оған бәр-бәрі,
Қамыт болып батады оған бәрі-бәрі,
бұйым емес, мына ат үшін, қалғаны —
Міне, сізге тіршіліктің бар мәні.
Тарт, алыбым, арбаны алға!
Тарт, тарт алға, арықтардың қаңқасы!
Жылжыса алға ауырлықтың әр тасы
Иық қаққан қамыттардың арқасы,
Қамыт киген алыптардың арқасы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір сыр айтты ернің маған кезерген

  • 0
  • 0

Бір сыр айтты ернің маған кезерген, —
жақын... жақын жеңісімді сезем мен.
Қарағайға көлеңке боп кетейік,
өтейік тез мына тентек өзеннен.

Толық

Уақыт жоқ, уақыт жоқ өлуге

  • 0
  • 0

Уақыт жоқ, уақыт жоқ өлуге,
Айналмайды, айналмайды бал уға.
Жанған оттың хақысы жоқ сөнуге,
Болса да еркі шикі қидың жануға.

Толық

Жартас

  • 0
  • 0

Баяғы мүсін бір қалып,
Тапжылмайсың орныңнан.
Кектендің кімге сұрланып,
Кім екен сені қор қылған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар