Өлең, жыр, ақындар

Атамекен

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 8966
Төлеген Тастайұлы Мергалиевке

Көрінер көзіңе ыстық атамекен,
Мен мұны қайта-қайта атап өтем.
Бабалар туып-өскен жерді білмеу,
Жаныңа кәдімгідей батады екен.
«Жайлауы біздің елдің Саркөл-Самар,
Бал құйса, ақ шөлмекке бір-бір тамар...»
Жасымда көп естіген әнім осы,
Келді кез сол өңірді іздеп табар.
Қараймын оңыма да, солыма да,
Бір белгі өткен күннен жолыға ма?..
Бірақ та сыр бермейді Саркөл-Самар,
Көлбейді құмды өңірдің жолы ғана.
Басында бір төбенің ескі қорым,
(Тарихын үлкендерден естіп едім).
Азаттық жолындағы айқастарда,
Талай ер елі үшін кесті демін.
Бұл жерде дерегім көп анықтаған,
Мен мұны ұрпағыма алып барам.
Осында садақ иіп, оқ жоныпты,
Сарбазы Исатайдың Нәрік бабам.
Есімде керек-ақ қой ұстау бәрін,
(Сынына сан сезімнің түсті-ау жаным).
Орнына бір-бір аунап алар едім,
Бабалар, қайда ескі қыстауларың?
Білемін енді олардың табылмасын,
Сонда да көңіл қалай дамылдасын?
Бедері ештеңенің байқалмайды,
Қалған ғой желмен көшкен жыңғыл басып.
Бұл жерде баба атағы өткені ме,
Жылдардың із қалдырмай көшкені ме?
Естіген естілерден әңгімем көп,
Ырза боп жүрем бе сол естегіге.
Мотордың күші болып сиынғаны,
Машина құмның ішін шиырлады.
Өзгеше жымияды жол бастаушым,
«Ауылдық кездесер, -деп, - бұйырғаны».
Айналып өткен кезде құба белді,
Тізіліп аппақ үйлер шыға келді.
- Нәрікке жеттік,- деді жүргізуші,
- He дейді?..
Жанарда сұрақ еді.
Құттықтап сапарластар жатыр бәрі,
(Бір жалын жүрегімде лапылдады).
Осылай құм ішінде тaп болдым мен
Ауылға Нәрік бабам атындағы.
Осылар жаңа заман жасы дейтін,
Соңыңда ұрпағың көп бас иетін.
Атыңның мына ауылға берілгені,
Ей, баба, бұл да ерекше қасиетің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хат тасушы

  • 0
  • 0

Оған не жауынды күн, дауылды күн,
Жүргені шыр айналып ауылды мың.
Тынбайды жапқанынша соңғы есікті,
Сезбестен қоржынының ауырлығын.

Толық

Сәндібек Әлібековке хат

  • 0
  • 0

Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Жұмбақ жас - жетпісіңді алқымдадым.
Өлең кеп өзегімді өртегенде,
Шәйнектей газға қойған сарқылдадым.

Толық

Ақтөбе

  • 0
  • 1

Ақындай оқитұғын жатқа өлеңін,
Даусымды көптен бері баптап едім.
Бұлбұлым көмейдегі ән салды ғой,
Төбесі көрінгенде Ақтөбенің.

Толық

Қарап көріңіз