Өлең, жыр, ақындар

Ағаш қылыш

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 362
Таудай қартсың,
бұлағы аққан тау ғұрлы
Жомарттық ет,
Қоршап тұрмыз аулыңды,
Шапқыншымыз, еріміз бар — ер десең,
шауып аламыз — қонақ асы бермесең.
Солай депті
Кино түсіргелі жүрген бір кісі.
Қарт күлмеген, келген бірақ күлкісі,
Кәрі ерінін бір шүйірген ерсі етіп,
Әзіл сөзді сүйетінін көрсетіп,
былай деген сөйлеп қалған тіл үстем:
"Шабасың ба мынау ағаш қылышпен?!"
О, түсінем,
Жамбыл қартты қатты ұғам,
Қатты ұққаннан көп ұғыммен қақтығам.
Көзді алдауға жасатылған басында
ағаш қылыш ұнамаған расында.
Ағаш қылышты ұнатпаған қарт ақын
болат қылыштар үшін,
қиялай бір тартатын!
Ерді қалай мойындайды — қыңыр әрі оғаш
жан
Қылышының өзі болса ағаштан?!
Көшті бізден талай бояу — түс түлеп,
жапырақ та,
Фильмдер де түсті көп.
Күшті шықты "Аманкелді" киносы,
Жамбыл айтқан әлгі сөз тек — күштірек!
Ағаш, ағаш!
Ағаштың түк кінәсі жоқ, расы,
Қылыш болғандығы ғана кінәсі.
Сен де — өнерде жұртты алдауға жасалған,
Жалтақтайсың ағаш қылыштарға көп —
балғын үміт, жас арман!
Орын қалмай қойды-ау ағаш-өлеңге,
Сен келгелі өлең атты иен-елге.
Содан бері сырт көздерге болат болып көрініп,
ағаш-қылыш келеді ойнап төбеңде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саидаға

  • 0
  • 0

Ей, кішкене бөбегім!
қызықтайсың әр нәрсені бір ұстап,
біріне, әттең, қарамайсың дұрыстап,
Сөзіме де түсінбейсің не менің.

Толық

Мысық тілек

  • 0
  • 0

Дана қартқа со заманда баяғы
біреу келіп күнде қолын жаяды:
"келер күннің бір белгісі жоқ әлі", —
айтшы, қашан топан-тасу болады?

Толық

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан...

  • 0
  • 0

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан,
Көкжиегі келешекпен ұласқан.
Мына жаздың қызғалдағы – үмітім,
Ұлы жердің кеудесінде гүл ашқан.

Толық

Қарап көріңіз