Өлең, жыр, ақындар

Аялдамада

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 337
Әйелдер тұр тықыршып,
сұлулары көптен көп —
еріні күрең көбінің
иектері көкпеңбек.
"Сыпайылар — тоңбайды, қалтырайды" деген бар,
әйелге арнап айтқандай мәтелін де адамдар.
Түсі кетер ерлердің суыққа тым жаны осал,
ал, әйелге тон сын-ды, тоңғаны да жарасар.
Неткен халық бұл халық!
Тісім түсіп, мөр тайып,
таң қалам деп әйелге қалдым, міне қартайып.
"Сыпайылар — тоңбайды, қалтырайды" деген бар —
мәтелін де әйелге өлшеп айтқан адамдар.
Бір-бірінің тұр-сұрын кекетіп тұр текке үркіп,
үркіп-үркіп қарайды қара кірпік, көк кірпік.
— Қалқам, тоңып қалдың-ау, автобус жоқ...
— Жоқ, аға, —
бір төңкеріп тастады тұйық көзін томаға.
Сонсоң мойнын қымтады, шолақ екен жағы да,
Тоңдың десе — тоңған боп көрінбеуге бола ма?!
Тоңып тұр ол,
тұр ұстап әлгі сөзім тек менің,
жағын ашса — тісі тұр сақылдап-ақ кеткелі!
Кеше ғана, жапырақ, сыр шашып ең шалқып-ақ,
бүгін қорқып қалыпсың жел алдында қалтырап.
Бірақ әйел суықтан қорықпайды — сыйлайды,
пайдаланбай қалуға суықты да қимайды.
Мен ұқтыра алмаймын,
Сен ұқпайсың немесе:
тоңған кезде сұлулар — сұлуырақ он есе!
Кеше жел тұрды арқадан —
дауыл болды дақпырты
ауладағы қоқысты алай-түлей лақтыртып.
Жел пәс бүгін, суды лай асфальт қана қапты іркіп,
қар жұққан жоқ бұтаға — қырау ғана ақ кірпік.
Әйел тоңса, ойлама, осал халық-ау тегі,
сұлуырақ көрінсе — тоңбағанда қайтеді?!
Жасырады бәр-бәрін сыпайы жұрт, "сұм" әрі,
бірақ жасырғанын ел білсе екен деп тұрады.
Білдік, білдік!
Білдік біз табына да жағына,
қор мазақсың — білмесең,
білсең — кешпес тағы да.
Міне, халық дегенің әйел сын-ды, абайла —
суық болсын, болмасын —
тоңу керек қалайда!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір сәт

  • 0
  • 0

Жұлдыздары жымың-жымың күліп түн
жібек нұрын шашып тұрды үміттің.
Қашан еді, қай түп еді? —
Ұмыттым.

Толық

Әке

  • 0
  • 0

Оқып жүрген кезім еді мектепте.
Салық қария қыңыр да еді, көк бет те:
— Құдай бар ма,— деді ұстап aп,
жігіт болсаң сен ойлы,

Толық

Жұбайлар

  • 0
  • 0

Әйел жылап булығып,
Жиі-жиі ері ішіп,
жиі-жиі шығатын таң атқанша керісіп.
Көрші болды ғажап бір — қарапайым жан аса

Толық

Қарап көріңіз