Өлең, жыр, ақындар

Кәрілік

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 357
Күрсінді ата —
кәріліктің қайғысы
шығар дедім, күрсіне ме жай кісі?
— Жоқ, — деді ол,— ішті жалап барады
бір жүйріктің алынбаған бәйгісі.
Күрсінді ата —
түртеді екен не түлен,
бұлар, — дедім,— қайғырғыш-ау шетінен.
— Жоқ, — деді ол,— бұдан елу жыл бұрын
бір досыма жалған айтып кетіп ем.
Күрсінді ата —
түртеді екен не түлен,
бұлар,— дедім,— еріккен-ау шетінен.
— Жоқ, — деді ол,— сұрағанда қиылып
бір жеңгеме белбеу бермей кетіп ем.
Күрсінді ата —
қасіреті бойдақтың
шығар, — дедім, — уақыт бар: ойнап, күл.
— Жоқ, — деді қарт, — баяғыдан бос жүріп
шөбереме құда түсіп қоймаппын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Салыстыру

  • 0
  • 0

Ұран деді шындықты,
Шындық қуған тірлікті,
Қыран деді шитімдей шегірткені бір мықты.
Шегірткелер әулеті, әй, дүрлікті-ау, дүрлікті!

Толық

Самал, самал, сері самал, сал самал...

  • 0
  • 0

Самал, самал, сері самал, сал самал,
Самал жұтып, сана жұтып тамсанам.
Бұл өмірде қайғылы екен қанша адам,
Бұл өмірде бақытты екен қанша адам!

Толық

Құрманғазы "Қызылқайың"

  • 0
  • 0

Жұлдыздар тұр суық күліп,
Суық, жылтыр жанарымен.
Дүние тұр бұйықтырып
Қарауытқан қабағымен.

Толық

Қарап көріңіз