Өлең, жыр, ақындар

Әкеме

Асқар тауым, кең жүректім, әкешім,
Сендей жан жоқ, бұл өмірде әке шын.
Бар жақсыны өзіңізге тіледік,
Құтты болсын мына өмірге келген күн!

Әкетайым, мейірбаным, қамқоршым,
Сізден ғана таба аламын үлкен шың.
Қалаймын мен анамменен енді тек,
Шаттықпенен атыратын талай күн!

Үйрендім мен сізден төзімділікті,
Сізде шексіз адалдық мен мейірім.
Әке, сізге бас иемін ендігі,
Тіледім мен өмірдің бар ақ жолын.

Әкем "СІЗ" деп мақтан етем қашан да,
Сіздей, сірә, ер жоқ мына жаһанда!
Алтын әкем, аман жүрші, ауырмай
Мына қатал, арпалысқан заманда!

Сіз ғой біздің жанашыр да, досымыз,
Анамыздың бар тірегі өзіңіз!
Қабыл алшы алыстағы қызыңның,
Жүрек жарды, сағыныш пен бар сырын!

Дана Қалқожақызы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз