Өлең, жыр, ақындар

Ақ түс

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1814
Ақ деген не?
Қиянаттан, тепкіден
аман шыққан Ардың түсі деп білем.
Сәл кірлесе күймен жуып жанымды,
Алатауға — шыңға жайып кептірем —
ақ бұлт құсап желбіресе сонда әлгі,
жүрек аунап, жауар бұлттай толғанды.
Дария Сырда қамыс шулап,
Жайықта аққу-толқып қанаттарын қомданды.
Ерді асырап Ар, адалдық атағы
Ақ дүние мәз-мейрам боп жатады.
Ақ дастархан,
ақ жаға,
ақ көңілдің
тек оп-оңай кірлейтіні — батады.
...Бір ақсақал ақ бата айтып қол жайды,
ақ батаны жолдас еттім жолға әйгі.
Ақ көңіл деп мадақтадым досымды,
өйткені өзім ақ ойладым ол жайлы.
Ақ тілеуім — ақ дастархан боп шығып,
ақ нан ұстап келді маған тоқшылық.
Жырым — аппақ,
жырды жазар парақ та ақ,
көлеңкең де кейде ақ сынды... бәрі аппақ.
Аспан аппақ, ақ бұлттарын жинады,
ақ шыңдарға аппақ жаңбыр құйды, әне.
Ақ нәрсенің бәрі әдемі, мені осы
ақтай қалған қағаз ғана қинады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шалма жорға

  • 0
  • 0

Мақтауға әуес жұртпыз-ау біз өткенді:
Ырысты еді деп күзді,
кірісті еді деп қысты,
көгі, суы мол еді деп көктемді.

Толық

Қарайды қара көз ғана...

  • 0
  • 0

Қарайды қара көз ғана
Айнасына да наздана.
Әлдене тұсқа, әлдене
Жетпейтін сынды азғана.

Толық

Ырым

  • 0
  • 0

Ырымшыл ма,
Құдайшыл ма сол кісі?
Жақын ұғым алдыңғысы, соңғысы:
ырымшылдық — қараңғылық деп ұқтық,

Толық

Қарап көріңіз