Өлең, жыр, ақындар

Қоңыр түс

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2459
Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып,
көзін сулап, қалып еді қамығып.
Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп —
қоңырқай ой маза берер емес түк.
Қоңырайып жатыр алда жол әлі —
кеудем кейде қоңыр күйге толады.
Қоңыр әнмен қазақ бесік тербетіп,
өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы.
Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн...
қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.
Қоңыр күзде қоңыр шаруа-күйбеңмен
қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем.
Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда
шешем қалды қоңыр төбе басында.
Қоян жонға қоңыр ымырт түскенге
қоңырайып отырамын үстелге...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мысық тырнағы

  • 0
  • 0

Мияулайды ол
есігіме тырмысып;
дос жақтауды, белгі берді, тырналап –
жата бердім терезеге бір қарап.

Толық

Бестармақ

  • 0
  • 0

Қара түнгі найзағайдың жарқылы
өтетұғын сықылды мен арқылы.
Содан шығар, содан шығар жарқыным:
қара суға қайық салдым — қалқыды,

Толық

Жанып тұрып бір өлең оқыр едім мен оған

  • 0
  • 0

Жанып тұрып бір өлең оқыр едім мен оған
алып келіп қаладан, не суырып санадан.
Оқыр едім, әттең-ай, оқыр едім — ұқпайды,
жырды ұқпайтын кісіден махаббат та шықпайды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар