Өлең, жыр, ақындар

Ақөзек бойында

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 324
Тас төбеден төніп кеп Ай үңілді —
Неткен сәуле жұп-жұмсақ, қайырымды!
Көл езуі сылпылдап өсек айтар,
байқап сырғыт, бала-дос, қайығыңды,
Келе ме екен тербетіп ұйқы мені —
көңіл байғұс бір бейжай күй тіледі.
Түнгі дауыс, білесің, кетеді алыс,
сезіп қалды... тыңдашы, ит үреді?!
Ескегіңді суыршы судан енді —
соңымыздан көп дыбыс шулап ерді.
Мен де ерімін қаланың, сөкпе, досым,
қызық пен қыз деп ұққан туған елді...
Әже байғұс жалқы үйлі жағадағы
жалғыз қызың жарғақ боп баға ма әлі?
Енші алысты дедің бе,
Көз жақсының
соқтықпалау деуші еді ағалары?!
Сейіл құрдық, мақұл-ау қайтса да енді,
бүл ауылға, сұраса, айт сәлемді.
Пиғыл түзу, кеткен жоқ әзірге есе,
құрдастарым, болды тек, әзілдесе:
"әлі түнде жүреді мына ағаң деп,
талай әсем қыздарға ұнаған деп".
көңіл-көбең
сондықтан,
әлгі әзілге
күле берсем — бар мақсұт, шыдаған боп..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бағы қайда көктемнің, бағы қайда

  • 0
  • 0

Бағы қайда көктемнің, бағы қайда,
созыла ма қыс тағы жарым айға.
Ұмтылғанға тағы да жетпей ме қол,
атқан оғым тағы да дарымай ма.

Толық

Ел-жұрт

  • 0
  • 0

Жел екпінін маған берсе табиғат,
маған берсе судың күшін табиғат,
жаңғырығын берсе жақпар-таулардың,
даладай ғып кеңдік берсе табиғат;

Толық

Самал, самал, сері самал, сал самал...

  • 0
  • 0

Самал, самал, сері самал, сал самал,
Самал жұтып, сана жұтып тамсанам.
Бұл өмірде қайғылы екен қанша адам,
Бұл өмірде бақытты екен қанша адам!

Толық

Қарап көріңіз