Өлең, жыр, ақындар

Күрделілік

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 807
Абайласаң: ақымақтың бәрі епті,
өзге жұрттан қылмыстылар әдепті.
Ал, мынаның сөзі — құран,
үні — иман:
жылан да, әне, секілденді жымиған.
Бір жаман ұл жанашыр боп тұр көпке,
жақсы ойласа — жаманды да құрметте.
Зұлымдық пен Ерлік — қалың том екен,
Махамбет пен Ықылас жүр бір бетте.
Уа, дірдекте!
Ептілерді, ел күтіп, бақ,
жан — жалаңаш,
ал, қытықтат, қытықтат...
Жомарт жігіт тырналайды қалтасын
шыдам атты алтын пұлы бітіп қап!
Шыншылдардан ұрылары әдепті,
тау-қыраннан тарғыл мысық тәбетті.
Бүйірімнен бір ызғардың табы өтті —
жүрек байғұс салып жатыр әлекті...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан...

  • 0
  • 0

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан,
Көкжиегі келешекпен ұласқан.
Мына жаздың қызғалдағы – үмітім,
Ұлы жердің кеудесінде гүл ашқан.

Толық

Ел-жұрт

  • 0
  • 0

Жел екпінін маған берсе табиғат,
маған берсе судың күшін табиғат,
жаңғырығын берсе жақпар-таулардың,
даладай ғып кеңдік берсе табиғат;

Толық

Бас қайда болса – онда аяқ бар...

  • 0
  • 0

Бас қайда болса – онда аяқ бар,
Сүрінген жығылып тояттар.
Бұл жерден басталса тіршілік
Ол жерден сапарын аяқтар.

Толық

Қарап көріңіз