Өлең, жыр, ақындар

Сыбыр

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 381
Сыңсып иіп бұйра алқап, бір ырғалып
сыбырлады,
біз дағы сыбырладық —
жақын келші.
Жатқандай дала кейіп
мұрттарымен бидайдың жыбыр қағып.
Қос боз торғай бір-бірін қиып, іліп
көкте ойнайды.
Не керек бұйығылық —
батыл келші.
Торғайлар кетті аспандап
лақтырылған тиындай шиырылтып.
Сары толқын ұмтылды жүгіргелі...
"Айдалада не керек сыбыр!" — деді.
"Сыбыр тәтті болады, — деді жыршы,
— сыбыр — сыр ғой жүректің түбіндегі".
Сыбырлайды сары дала,
сары, сары
толқын ауыр бүктеліп жарысады.
Тозаңы боп алқаптың ұшар дәурен,
шыбын-жаның да ұшады — бәрі ұшады.
Сыбырлайды төңірек, сыбырлайды,
көңіл желі әр шиді бір ырғайды.
Көк аспанда қос торғай шырылдайды,
шырылдайды, бір-бірін ұғынбайды.
Құр сыбдырмен мына алқап құтылмақ-ты
құйын жүрді, кенет, шаң-түтін жапты.
Сыңғырады қос торғай күміс құсап,
ал, төменде қос жүрек лықыл қақты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы ма қарашаның айы деген

  • 0
  • 0

Осы ма қарашаның айы деген,
Не болды, күлмегендей қайың, емен,
Су кетіп мойынынан қайың, емен,
Үстінде тамшы аунайды жапырақтың

Толық

Салмақсыздық

  • 0
  • 0

Жақсылық — жас,
Жылдар жаңа,
күн өзге:
ердің даңқы дарыды енді бір езге...

Толық

Көремісің, көз?

  • 0
  • 0

..Жібек бұлақ желкілдейді, бар ағы
Кәрі әжемнің шаштарындай жаңағы;
Тасты шашып, тау құлағын жарады,
Көлки құлап, толқын ұзап барады.

Толық

Қарап көріңіз