Өлең, жыр, ақындар

Қағаз тірлік

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 406
Жер хақында сыр күттік Айдан әлі;
Тыныштық деп газеттер майдалады.
Қағаз-бомба бұрқ етіп жүр жарылып,
жүріп жатқан сықылды майдан әлі.
Аңдата алса қаламның ізі нені,
соған сайып күн кештік біз үнемі.
Жұлқып жатқан ешкім жоқ жағамды ұстап,
түймем бірақ тым жиі үзіледі.
Ескі қару тәрізді бәрі,
бәрі бірақ неге жаңаша жарылады?
— Алып тұрған алқымнан ауыр қол жоқ,
Неге, неге тынысың тарылады?!
Уақыт кең дегенмен, мақсат мықты,
шаппай жатып жүйрігім ақсап бітті.
Жүрегіме бір шаншу қадалып жүр,
бір сыздауық қалыңнан қақсап шықты.
Құрдастар әзіл ғой деп майдалады,
құрбылар назым ғой деп аймалады. 
Қағаз-танкі жапырып балаусаңды
жүріп жатыр, ал бірақ, майдан әлі.
Жо, жоқ, мылтық жоқ қазір аңшыда да,
Соймай іреп жіберсе — қан шыға ма.
Күңкіл кеңес көбейді, ең зор қару
сөзден өрген қағаз-сап қамшы ғана.
Шағыну да кей кезде мақтан сын-ды,
қағаз-тұзақ құрулы жатқан сын-ды,
Қағаз қулық, қағаз дос, қағаз айла,
"қағаз құдай" барлығын атқан сын-ды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалындап барды да батты күн...

  • 0
  • 0

Жалындап барды да батты күн,
Оның да уақыты болып қап.
Жүйрік жел баса алмай аптығын
Бұтаға сүйенді солықтап.

Толық

Бір түйір дән

  • 0
  • 0

Бір түйір дән сыңғырап жерге түсті –
Тау, Дөң, Дала жабылып тербетісті.
Жеңіл әйел секілді ала етекті,
Ұйтқығанда сол дәнді жел әкепті.

Толық

Екі көрініс

  • 0
  • 0

Сирек бұлттар алалап қырат, қырды,
бір көлеңке, бір шуақ лақтырды.
Әр сыбысқа жапырақ құлақ түрді,
бұрғы-құйын бір дөңге шаншылып ап

Толық

Қарап көріңіз