Өлең, жыр, ақындар

Жел

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 327
Тіл секілді сүйрең қағып құм көшті,
көшкен құмға ай менен жыл мінгесті.
Желдің сумаң саусақтары бір түрлі
сүртіп жатқан сықылды ескі жұртымды.
Дүркіреп кеп көшті қаңбақ, жел есті;
құмдағы ізім онсыз дағы көмескі —
жел сол ізді жуып жатқан сықылды,
топырақтан қуып жатқан сықылды.
Жел алдында жерге басын ұрады
ши шырқырап, мені қорғап тұр әлі.
Жыңғыл жылап жасыл шашын жаяды,
қыр бұлдырап мені аяйды баяғы.
Ішін тартып өсіріп жел тұр ұлып,
көне құмды көсігімен суырып
о да еңіреп жүргізеді әмірін
...Тереңірек бірақ менің тамырым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тербетіліп жатыр дала алдымда...

  • 0
  • 0

Тербетіліп жатыр дала алдымда,
Толқын болып аунайды жел шалғынға.
Жасыл жалын ұйтқып жанып өрмелеп,
Бұтақтарын орап апты талдың да.

Толық

Ленин

  • 0
  • 0

Шаттан, шаттан, Россия!
Түн қатып
Келді міне шын бостандық, шын бақыт.
Тынды дауыл, трибунада тұрды Ильич

Толық

Қайда ғана, қайда ғана, қарама

  • 0
  • 0

Қайда ғана, қайда ғана, қарама,
Ұшып жатыр жапырақтар сарала.
Ойнайды олар туған жердің жүзінде,
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?

Толық

Қарап көріңіз