Өлең, жыр, ақындар

Сұрақ

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 441
Жер байғұстың бағына,
әй, жаумады-ау, жаумады.
Тұр ма ана бұлт тағы да
басқа жаққа ауғалы?!
Әр көріністе — мағына,
сенде мағына жоқ па әлі?
Мыс-табақ күн, тағы да
барамысың батқалы?!
Үйім тарлау — о да мұң;
қысылмасын деп мені,
қимайтұғын қонағым,
отырмысың кеткелі?!
Жыл қанатын қомдады,
қанаттыға — бекер сын.
Құс-дәуренім, сен-дағы
бір күні ұшып кетерсің?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жер

  • 0
  • 0

Сенде өткен әрбір күнім сайран маған,
Сайран керек асауға байланбаған.
Суырсаң қынабыңнан қылышыңмын,
Балтаңмын тот баспаған, қайралмаған.

Толық

Қызыл Гауһар

  • 0
  • 0

Төрт аға бар,
Қыз — жалғыз, өзі сұлу,
сыйлы адам
әкесі бай — жалғыз қыз асыл тастар жинаған,

Толық

Бейбітшілік майданы

  • 0
  • 0

Жұмыс дедік,
бермедік тынысқа ерік,
жүр-ау содан жүйкелер жіңішкеріп.
Сілкіп сөйлеп, сондықтан жұлқып іштік,

Толық

Қарап көріңіз