Өлең, жыр, ақындар

Баған

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 428
Анам мені тәй тұрғызып о баста
сүйеп еді жуан баған-ағашқа.
Сонсоң сырттай бақылады, кетпеді,
қыпың қақты "құлап қалар" деп мені.
Бір алаяқ үй тұрғызды — еп қылды,
еп қылды ол — қолын жуып кептірді.
О да алыстан бақылады,
көкейі:
"мен кеткенше құламаса!..." — деп тұрды.
Осы екі жай көкірегімде жүрді ұдай —
бірде бұлай, еске ап жүрдім, бір бұлай.
Біреу епке, біреу көпке сүйеніп,
қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқан тірлік-ай!
Қаз тұрғызып жыр ұшырдым,
не терлеп
Қара сөзбен жан қинадым бекер көп.
Кітап сайын қыпың қақтым мен-дағы
"қайтер екен, құлап түсер ме екен" — деп.
Тірілте алам сөздің өзін ең өлі,
түстің өзі сөз боп ылғи енеді.
Мезгіл-анам бақылап тұр мені әлі,
баған-елім әлі сүйеп келеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табиғат мінезді етіп берсе тілді

  • 0
  • 0

Табиғат мінезді етіп берсе тілді,
ойлап ем мінезді өлең көрсетуді.
Жақындап кетіп едің — бұрқ еттім мен
талайдан жан баспаған жол секілді.

Толық

Жалындап барды да батты күн...

  • 0
  • 0

Жалындап барды да батты күн,
Оның да уақыты болып қап.
Жүйрік жел баса алмай аптығын
Бұтаға сүйенді солықтап.

Толық

Ойындар

  • 0
  • 0

О, балалық, сен не деген бақытты ең!
Қармайсың бармақтардың астына,
Бір жымисаң жібітесің тасты да,
О, балалық, сен не деген бақытты ең!

Толық

Қарап көріңіз