Өлең, жыр, ақындар

Қарағандыда

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 248
Қарағанды – таусылмас көмір кені,
Жазылмаған жыр едің көңілдегі.
Қазынаңа қиырдан бүлкілдеді
Талай­талай тажалдың кеңірдегі.
Үстің де бай, лықсыған астың да бай,
Көзге түспей байлығың жатсын қалай?
Ақсұңқарұлы емеспін, Айтұлымын,
Алып қала, мені де жатсынбағай.
Таптырмайтын қаласың жан баққанға,
Кеншің болды Ғабиден, Әлжаппар да.
Қасым­тұлпар үстіңнен өткен шығар
Арқасына аяздай ер батқанда.
Қалқып ішіп үйіренген балқаймақтан,
Келімсектер кетсін бе кенді аймақтан?
Тағзым етіп кеп тұрмын топырғыңа
Еркеш жатқан дамылдап, Евней жатқан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үзілмеңдер, үндістер!

  • 0
  • 0

Қапас-қасірет түкпірінде
Сорлы үндістер жылайды.
Қарғап-сілеп бiттi мүлде
Тағдырды да құдайды.

Толық

Түнде ұшқан тырналар

  • 0
  • 0

Тырналар түнде көкте тыраулады,
Күндізгі бітпегендей мұң-арманы.
Мұңайтып байғұстардың мынау халі,
Жүрегім бүлк етті де бір аунады.

Толық

Сағындырған көктем

  • 0
  • 0

Балғын гүлдей жайнап,
Бақыт жырын тойлап,
Арман нұрын аңсап құшқандай.
Бірге жүрдік нәзік

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер