Өлең, жыр, ақындар

Ақын Роберт Бернске еліктеп

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1629
Нәзік сазға ауысып отты өлеңім,
Терезеңнің алдына көп келемін.
Ең болмаса, әйнектен қарасаңшы,
Жанарымды телміртпей текке менің.
Сен болмасаң, қабағым ашылмайды,
Сен болмасақ, жігер - құм, басым - қайғы.
Жарқ етіп бір көрінсең, жарығым-ау,
Қайта жайнап кететін асылдаймын.
Көзі бітіп, шау тартқан бұлақтайын,
Жанарымда бір үнсіз сұрақ дәйім.
Жаутаңдатып сен мені қоясың ба,
Босағаңа байланған лақтайын.
Бара жатыр сарқылып бұлағым-ой,
Бір зілдей жүк иыққа сұлады ғой.
Әміршісі әлемнің Күн де мына,
Тәулігіне бір рет шығады ғой!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мешейім

  • 0
  • 0

Кеп қалған сезім селін жасқамадым,
Тағы да ауыл жыры бастағаным.
Мен туған Мешей деген бір ауыл бар,
Сыртында Каменканың - Таскаланың.

Толық

Ұмыттырар...

  • 0
  • 0

Төгеді Күн шуағын мырзасынып,
Жатады жұпар ауа қырға сіңіп.
Жармасқан жер үстіне кәрі қысты,
Беткейге бара жатыр жылға ысырып.

Толық

Бір ағаның айтқаны

  • 0
  • 0

Кездерім аз болған жоқ бүрсеңдеген,
(Соғыстың зардабына кім көнбеген).
Aт жалын тартып мінер күн туса егер,
Үлде мен бүлде оранып жүрсем деп ем.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар