Өлең, жыр, ақындар

Қайда жүрсің?

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 449
Тамылжыған жазғы бақта бұлбұлдарды сайратып,
Тұрушы едің аспанымда жұлдыздарды жайнатып,
Көптен бері маған соқпай, қайда жүрсің, ей, Бақыт?
Сайрандатып, думандатып, таңға дейін тойлатып,
Жүруші едің тотықұстай еркелетіп, ойнатып,
Шыныменен мені ұмытып кеткенің бе, ей, Бақыт?
Биіктерге шарықтатып, тереңдерге бойлатып,
Жігерімді жанушы едің найзағайға қайратып,
Жыл құсындай қиқу салып оралсаңшы, ей, Бақыт!
Тастағанша қиянаттың көк семсері жайратып,
Шалқиыншы шаттығымның тайқазанын қайнатып,
Жарқыраған маңдайыңды көрсетсеңші, ей, Бақыт!
Тәңірі сені жібермесе жер түбіне айдатып,
Келетұғын кезің болды күн шыққанша ай батып,
Тұлпарыңды белдеуіме байласаңшы, ей, Бақыт!
Жастық шақпен, махаббатпен қоштасқалы қай уақыт,
Шақырғаннан басқа сені таба алмадым айла түк,
У берсең де өз қолыңмен беріп кетші, ей, Бақыт!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылыма

  • 0
  • 0

Көкжиектен ары қап сағым басса,
Сағым басса, мүмкін бе сағынбасқа?
Тел құлындай өсірген туған ауыл,
Сен дегенде шығарда жаным басқа.

Толық

Жүрегін ұқ әкеңнің

  • 0
  • 0

Он алтыға толдың, бауырым, бүгін сен,
Далаң анау, асыр салып жүгірсең.
Көзің жетер кеңдігіне дүниенің
Көкжиекке ұзағырақ үңілсең.

Толық

Елбасы

  • 0
  • 0

Кісімін ата көрген, ана көрген,
Көтердім көптің жүгін шама келген.
Батасы Мұқағали қабыл болып,
Сөзіме қалың елім баға берген!

Толық

Қарап көріңіз