Өлең, жыр, ақындар

Мен байғұсты мүсіркесе

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 327
Бар қазаққа жөн сілтейтін болмасам да ұлы Абай,
Анда­санда шолтаң қағып, сөйлеп қоям шыдамай.
Үрей толы сұрқай тірлік басқан сайын аяқты,
Шошытады қарақшы мен ұры бұққан жырадай.
Белге шығып, кең көсіліп отыратын қайғысыз,
Қайда ғасыр айран­асыр, алағай да бұлағай?
Көз көрген соң күңіренемін, тіл берген соң айтамын,
Мұң тербеген алып бесік – мынау, ұлы байтағым.
Талқандайтын дәрменім жоқ жынойнақтың ұясын,
Бақсы емеспін бәлекеттің қағып алар сайтанын.
Уа, жасаған, қоржынымның түбін қағып босаған,
Шулы өмірдің базарынан мен де сырғып қайтамын.
Бұра тартып бұлқынғанда қайда қашып құтылам,
Әзірейіл құрық салса, асау тайдай тұтылам.
Кім жұтпайды алдыңғылар шөлін мәңгі қандырған,
Сиқыр дүние қолындағы у құйылған құтыдан.
Сапар шексең арманың не салт бас, сабау қамшылы,
Құдай елді аман қылсын қызыл­қырғын жұтынан.
Қимағанмен қу жаныңды, аңдып жүрген аңшы бар,
Шіреп тартқан сұр жебе де бір күн келіп шаншылар.
Тағдырымның нәзік қылы – әлсіз жүрек тамырым,
Мен байғұсты мүсіркесе, мұрша беріп, сәл шыдар.
Найзағайдың оты ойнаса жиі­жиі төбемде,
Жайтартқыштай маңдайыма жазылғаны сол шығар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен де бір Асанқайғы

  • 0
  • 0

Алпысқа келіп қапсың, асыл аға,
Отыз жыл біз ергелі қасыңа да.
Тауыстың көз майыңды ақ қағаз бен
Үңіліп туған жердің тасына да.

Толық

Қоштасу

  • 0
  • 0

Қош­есен бол, кіндік қаным тамған жер,
Кім болғаны сені ұмытса жалғанда ер?
Жүрегімді жібек жіптей кеміріп,
Өле­өлгенше қара күйе – арман жер.

Толық

Таңба – «39952»

  • 0
  • 0

Таңбалар,
Таңбалар – қара дақ,
Жүреді қаныңды, миыңды аралап.
Сұғады инесін,

Толық

Қарап көріңіз